Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» брифинг өтті.
Брифинг барысында облыстағы балалар лагерьлерінің дайындығы, қауіпсіздік шаралары, лицензиялау талаптары және жазғы кезеңде балаларды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Спикерлердің айтуынша, биыл жазғы демалыспен және әртүрлі жұмыспен қамту шараларымен шамамен 130 мың бала қамтылады. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар лагерьлердің санитарлық талаптарға сәйкестігі, бейнебақылау жүйелерімен, интернетпен және дабыл түймелерімен жабдықталуы қатаң бақылауда екені айтылды. Мамандар балалардың қауіпсіздігі жазғы маусымдағы басты міндет екенін атап өтті.
Сегодня на площадке Региональной службы коммуникаций состоялся брифинг на тему: «Организация летнего оздоровительного отдыха детей и обеспечение их безопасности».
В ходе брифинга были обсуждены вопросы подготовки детских лагерей, соблюдения требований безопасности, лицензирования и организации летней занятости детей. По словам спикеров, этим летом различными формами отдыха и занятости планируется охватить около 130 тысяч детей, особое внимание уделяется детям из социально уязвимых категорий. Также отмечено, что соблюдение санитарных требований, оснащение лагерей видеонаблюдением, тревожными кнопками и интернетом находятся на строгом контроле. Специалисты подчеркнули, что безопасность детей является главной задачей летнего сезона.
KZ








