Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай мектеп кітапханасында " Отқа оранған 10 жыл" тақырыбында бұрыш ұйымдастырылып, 6а сынып оқушыларымен әңгіме сабақ өтті.
Мақсаты: оқушыларға бейбітшілік жолында қазақ әскері де батырлығымен көзге түскені жайлы, отты жылдар азабын көзбен көрген, тағдыр тауқыметін жүректен өткізген, бүгінде елімізде тірлік кешіп жатқан жерлестеріміздің өмірбаяны туралы мағлұмат беру. Жас ұрпақты азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу. Отанына шексіз берілген қайсар жауынгер ағаларының ерлігін үлгі ету. Ерлік ешқашан ұмытылмақ емес екендігін түсіндіру.
#balkash_qalasy_bilim_bolimi #umckrg #біртұтас_тәрбие #ҚОББтәрбие

