🇰🇿16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мектебімізде 4 сынып оқушыларын «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. 🇰🇿Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу.
Қабылдау барысында ұйымға қабылданған оқушылар салтанатты түрде ант қабылдап, «Жас ұлан» ұйымының мүшесі атанды. Шарада мектеп әкімшілігі мен ұстаздар құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара жас ұландардың әнұранын орындаумен, патриоттық бағыттағы өлеңдер мен әндермен жалғасын тауып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қабылданған оқушыларға ұйымның белгісі мен куәліктері табысталды.
«Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі оқушылардың бойында патриоттық рухты оятып, ел болашағына деген сенімді нығайтты.
#адал_азамат #біртұтастәрбие #тәуелсіздіккүнібілім09



