Саяқ кентінің №6 ЖББ мектебінде 26.02.2024 «Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы» және «Тоқта! Зорлық-зомбылық» тақырыптары бойынша дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Қыз бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуіне ықпал ету.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
#balqash_qalasy_bilim_bolimi




