Skip to content

Жыл сайынғы дәстүр бойынша 10«А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі…

Жыл сайынғы дәстүр бойынша 10«А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Есендикова А. Б Ауған соғысының ардагерімен «Ауғанның от жалыны » атты Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылығанына 35 жыл толуына орай кездесу ұйымдастырды. Кентімізден Ауған соғысына қатысқан ардагер Тойчибеков Т.С өзінің бастан кешкен оқиғасын баяндап, өткен тарихты еске түсірді. Оқушылар сұрақтарын қойып, көптеген тың мәліметтермен танысты. Кездесу барысында ардагер мен оқушылар арасында сырлы сұхбат болып, оқушылардың дайындаған музыкалық ән-шашумен іс-шара жалғасын тапты.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
#balqash_qalasy_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *