12 сәуір – Қазақ ғылымы күні және Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күніне орай мектебімізде жаратылыстану пәндерінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ғылымға қадамдар» атты алғашқы шағын тәжірибелер алаңы өтті.
География пәнінің мұғалімі Жайдар Назия Жайдарқызы ойын элементтері бар «Қарлы кесек» атты сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушылардың білімін шыңдады.
Сандыбаева Данагул Жасуланқызы оқушылармен «Ең… Ең… Ең…» ойының мозайка әдісі арқылы сәйкестендіріп, географиялық әлемнің алыптарымен танысты.
Химия пәнінің мұғалімі Рашитова Саяжан Әділбекқызы оқушыларға лабораториялық тәжірибе көрсетіп, жаратылыстану пәндерінің қаншалықты қызықты бола алатынына көз жеткізді.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#rumcdo_official
#umckrg









