Skip to content

Биыл — Жеңістің 81 жылдығы. 🇰🇿 Бауыржан Момышұлы – Кеңес…

Биыл — Жеңістің 81 жылдығы. 🇰🇿
Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының әскери қолбасшысы, гвардия полковнигі, Панфилов дивизиясының батальон командирі, Кеңес Одағының Батыры.
Мәншүк Мәметова – пулеметші, Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан.
Әлия Молдағұлова – мерген (снайпер), Кеңес Одағының Батыры, майданда көрсеткен ерлігі үшін марапатталған.
Талғат Бигелдинов – әскери ұшқыш-штурмовик, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры.
Хиуаз Доспанова – әскери ұшқыш, «Түнгі бомбалаушылар» құрамында қызмет еткен, Қазақстанның Халық Қаһарманы.
Рахымжан Қошқарбаев – офицер, Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқылардың бірі болып тіккен, Қазақстанның Халық Қаһарманы.

#адал_азамат #balqash_qalasy_bilim_bolimi #umckrg #халыққаһармандары