29 сәуір 2026 жылы Балқаш қаласы Оқушылар сарайында оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында «КАЗ Аэронавигация» өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында мамандар авиация саласының ерекшеліктері, әуе қозғалысын басқару қызметінің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушыларға осы саладағы мамандықтар, оқу орындарына түсу талаптары және болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері таныстырылды.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Бұл кездесу оқушылардың авиация саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар берді.

KZ

