Skip to content

4 мамыр 2026 жылы мектебіміздің 8-9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар…

4 мамыр 2026 жылы мектебіміздің 8-9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Қазақстан Республикасының «Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш технология және сервис колледжінің» мұғалімі Айнур Маратовнамен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу үдерісі, қабылдау талаптары мен болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттердің тәжірибеден өтуі, заманауи білім алу мүмкіндіктері және оқу орнындағы қолайлы жағдайлар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айнур Маратовна оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар берді. Кездесу оқушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті.