🇰🇿10 желтоқсан күні мектебімізде “Мемлекеттік рәміздер туралы не білеміз?” тақырыбында танымдық викторина өткізілді. Шараға 5–7 сынып оқушылары белсене қатысып, мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран туралы өз білімдерін сынға салды.
Викторинаны тарих пәнінің мұғалімі Сандыбаева Д.Ж. ұйымдастырып, оқушыларға рәміздер тарихы, олардың қабылдану кезеңдері, авторлары және мағынасы жөнінде қызықты мәліметтер ұсынды. Оқушылар топтық және жеке тапсырмалар орындап, логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Шара оқушылардың патриоттық сезімін нығайтып, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында сәтті өтті.
#біртұтастәрбие #адал_азамат #балқашқаласыбілімбөлімі #қоббтәрбие

