Байқаудың мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, балалар құқықтары жөніндегі түсінігін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің суреттері арқылы бала құқығы, еркіндік, қауіпсіздік, білім алу, өз пікірін білдіру сияқты негізгі құқықтық тақырыптарды шығармашылық түрде көрсете алды.
Жұмыстар мазмұны, идеясы, орындау шеберлігі бойынша бағаланып, үздік жұмыстар көрме бұрышына орналастырылды. Байқау оқушылардың құқықтық білімін нығайтып, шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етті.







