4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні.
Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба және Әнұран — Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Сондай-ақ рәміздер — халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздер — ел дамуының ажырамас бөлігі.
Бүгін, осы күнге орай Саяқ кентінің жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері мен оқушылары Саяқ кенті әкімінің аппараты және «Горняк» мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірігіп мерекелік іс шара өткізді. ҚР Рәміздер күні құтты болсын!
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#rumcdo_official
#umckrg
#balqash_qalasy_akimdigi
