«Балдырған» жазғы мектеп алаңының сегізінші күні «Білімділер» күні болды. Балалар арасында «Білімді мыңды жығар» мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Сайысқа балалар белсене қатысты. Сонымен қатар олар мектеп кітапханасына саяхат жасады. Кітапханашы балаларға «Оқиық та, тоқиық» атты топтық жарыс өткізді. Балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі болып, кітапқа деген қызығушылықтары артты.
Мақсаты: балалардың алған білімдерін байқау, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, топпен жұмыс істей білу, зияткерлік қабілетін ояту.
@balqash_qbb #қоббтәрбие #жазғыдемалыс #қауіпсізжаз #балалардықорғаукүні #балажан #жазғысауықтырулагері #жазғылагерь #біртұтас_тәрбие #uo_krg

