Skip to content

📚📚 23 сәуір – Кітап күніне орай мектебімізде кентіміздің “Кітап”…

📚📚 23 сәуір – Кітап күніне орай мектебімізде кентіміздің “Кітап” клубының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар қонақтармен еркін сұхбат құрып, кітап оқудың маңызы, сүйікті шығармалар мен авторлар жайлы пікір алмасты.

📚Клуб мүшелері өздерінің оқу тәжірибелерімен бөлісіп, кітап таңдаудың тиімді жолдары мен оқуға деген қызығушылықты арттыру туралы кеңестер берді.

📚Бұл тағылымды кездесу оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дүниесін байытуға үлкен әсер етті.
#адалазамат #балқашқаласыбілімбөлімі #кітапкүні