📚 23 сәуір-Ұлттық кітап күні жоспарына орай 4”Б” сынып оқушыларымен «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және әдеби кейіпкерлер арқылы жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге бағытталды.
📚Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті кейіпкерлерін таныстырып, олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті және бойындағы жақсы қасиеттері туралы әңгімеледі. Әр оқушы кейіпкерін ерекше ықыласпен сипаттап, не себепті оны жақсы көретінін түсіндірді. Кейбір оқушылар кейіпкерлерінің бейнесін сурет арқылы көрсетсе, енді бірі шағын көрініс қойып, кейіпкер рөлін сомдады.
#біртұтас_тәрбие #қоббтәрбие #balqash_qalasy_bilim_bolimi #адал_азамат #umckrg
KZ

