📚 Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы «Кітап оқитын мектеп» бағыты бойынша қалалық кезең өз мәресіне жетті.
📕Аталған байқауға мектебіміздің 6–10 сынып оқушылары қатысып, республикалық деңгейде ұсынылған 15 кітап бойынша тест тапсырмаларын орындап, білімдерін көрсетті және арнайы сертификаттарға ие болды.
🏆 Тест нәтижесі бойынша мектебіміздің
9 «А» сынып оқушысы Орынтаев Медет жүлделі І орынды иеленіп, 300 000 теңгелік сертификат ұтып алды және облыстық кезеңге жолдама алды!
Пән мұғалімі: Талдыбаева Ү. Т.
Медетке сәттілік тілейміз!👏🏻👏🏻👏🏻
#кітапоқитынұлт #балқашқаласыбілімбөлімі #қоббтәрбие #кітапоқитынмектеп #адалазаматбіртұтастәрбие
KZ


