Мектеп кітапханасында 5ә сынып оқушыларына биылғы 2024-2025 жылдағы мерейтой иелерінің, шоқтығы биік ұлы тұлғалардың шығармалары мен олар жайлы жазылған еңбектерден тұратын кітаптар көрмесі таныстырылып, "Бізді ақылды ететін кітап-дана" атты кітаптар керуені ұйымдастырылды. Оқушылар Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" кітабынан қызықты үзінділер оқыды.Басқа да жазушылардың кітаптарын көріп, танысты. Кітаптарды үйлеріне оқуға алды.
Мақсаты: Ақын-жазушылардың шығармалары арқылы жас ұрпақтың, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін ояту. Оқушыларға қаламгерлердің еңбектерін ұсына отырып, кітап пен кітапханаға деген қызығушылығын жоғарылату. Мерейтой иелерінің өмірі мен еңбектерінен мағлұмат беру.
#біртұтас_тәрбие
#uo_krg






