Skip to content

Жылдағы игі дәстүрмен қазанның алғашқы аптасында тойланатын ұстаз деген ұлы…

Жылдағы игі дәстүрмен қазанның алғашқы аптасында тойланатын ұстаз деген ұлы кәсіптің барша иелерінің төл мерекесі биылдан бастап 5 қазан күні деп бекітілді. Соған орай 04.10.2024 күні мектебімізде «Менің сүйікті ұстазым» атты ардагер ұстаздарға арналған кездесу кеші өткізілді.
Ұстаздық ету жай ғана кәсіп емес, бұл әркімге бұйыра бермейтін ұлы өнер. Ұстаздар адамгершілік пен ерліктің, жақсы мінез бен ақындықтың нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу – әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді.
Мерекелік шарамызға арнайы шақырылған қонақтарымыз:
Гүлғайша Олжағалиқызы, Айна Сүйіндікқызы, Сәуле Қалқақызы, Аққайша Өмірбекқызы, Ғалия Әбеужанқызы, Сандуғаш Абылайқызы, Жамила Шаяхметқызы.
Олар талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларын өсірген ардагер ұстаздар.
Ардагер ұстаздарымызға оқушылар қойылым, ән, поэзия арнады. Ұстаздық жолды таңдаудағы қиындықтар жайлы сұрақтар қозғалды. Шәкірттердің дайындаған бейнебаяны көрсетілді.
#біртұтастәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *