Skip to content

7.04.2026 жылы мектебіміздің 8-сынып оқушылары Саяқ руднигінің геологиялық бөліміне арнайы…

7.04.2026 жылы мектебіміздің 8-сынып оқушылары Саяқ руднигінің геологиялық бөліміне арнайы барып, кәсіби бағдар беру мақсатында танымдық іс-шараға қатысты. Шара барысында оқушылар геолог мамандығының қыр-сырымен танысып, сала мамандарының жұмыс ерекшеліктері туралы толық мәлімет алды.
Кездесу барысында тәжірибелі мамандар геология саласының маңыздылығы, пайдалы қазбаларды іздеу және зерттеу жұмыстары туралы түсіндіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар геологиялық құрал-жабдықтармен танысып, олардың қолданылу тәсілдерін көрді.
Сонымен қатар, оқушылар геолог мамандарды төл мерекелерімен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Мұндай кәсіби сынамалар оқушылардың мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына, еңбекке деген қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал етеді.