🍀Наурыз айында 7 сынып оқушылары облыстық “Үздік эколлгиялық жоба” байқауына қатысты. Жетекшісі: Ф. К. Көкеева
🍀Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау – әрбір адамның басты міндеттерінің бірі. Мектеп аумағын көгалдандыру және қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігі.
🍀Мектеп аумағын көгалдандыру – айналаны әсемдеп қана қоймай, ауаның тазалығын сақтауға, оқушылардың денсаулығын нығайтуға көмектеседі. Ағаштар мен гүлдер оттегін бөліп, көмірқышқыл газын азайтады. Сонымен қатар, көгалдандырылған орта оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап, табиғатты сүюге тәрбиелейді.
🍀Ал қалдықтарды сұрыптау – қоршаған ортаны ластанудан сақтаудың тиімді жолы. Қағаз, пластик, шыны сияқты қалдықтарды бөлек жинау арқылы оларды қайта өңдеуге мүмкіндік туады. Бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге және қоқыс көлемін азайтуға ықпал етеді.
#адалазамат #біртұтастәрбие #қоббтәрбие

KZ


