Skip to content

🔥21.11.2025ж. күні Балқаш қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Шмидкаль…

🔥21.11.2025ж. күні Балқаш қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Шмидкаль Э.О., аға инженерлері Мамбетов А.С., Құсылбек Е.Е., сондай-ақ аға өрт сөндіруші-құтқарушы Әскен Ж. мектебіміздің оқушыларымен өрттің алдын алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🔥Кездесу барысында мамандар оқушыларға:
• өрттің негізгі шығу себептері;
• тұрмыста, мектепте және көшеде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері;
• электр құралдарын дұрыс пайдалану тәртібі;
• ашық отпен ойнаудың қауіптілігі;
• өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету алгоритмі (101/112 нөміріне қоңырау шалу, эвакуация тәртібі, өз қауіпсіздігін сақтау) жөнінде толық ақпарат берді.
Сонымен қатар құтқарушылар арнайы бейнематериалдар көрсетіп, алғашқы өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіш түрлері, қолдану әдісі) таныстырды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық жауап алды.
🔥Іс-шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайдың алдын алу және қауіпті жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету.
#біртұтас_тәрбие #қоббтәрбие #balqash_qalasy_bilim_bolimi #адал_азамат #umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *