Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебі” КММ қараша айының 18 күні жоспарға сәйкес біртұтас тәрбие аясында, “Біз бақытты баламыз, оқып білім аламыз” тақырыбында мектепалды даярлық топтарына арналған, апталығы өз жұмысын бастады. Апталық жоспары жасалып, бекітілді. Апталықтың ашылуында бүлдіршіндер саптық жиынға қатысып, мәнерлеп тақпақтарын айтып, ұлттық ойын жарыстарына қатысып, белсенділіктерін көрсетті. Осы күні мектепалды даярлық тобы мұғалімі А.М. Жанайдар “Сауат ашу негіздері” саласында “ЖасТалап” атты дамыту ойындарын көрсетті. Ойын алаңында бүлдіршіндер өз ойларымен бөлісіп, жаңа сөздерді үйреніп, белесенділікті көрсетті. #balkash_qalasy_bilim_bolimi #біртұтас_тәрбие
