Skip to content

Қазақ халқы қашанда қыз баласын ерекше қадірлеген. Оны болашақ ана,…

Қазақ халқы қашанда қыз баласын ерекше қадірлеген. Оны болашақ ана, ұрпақ өрбітуші ретінде жоғары бағалап төрден орын ұсынған. Сондай-ақ ұлттың болмысын қалыптастыратын жан болғандықтан қыз тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған. Содан да болар халық арасында «қызға қырық үйден тию» деген мәтел жиі айтылады. Қазіргі жағдайдағы жас ұрпақтың денсаулығын қорғау проблемасының өткірлігі еңбек пен зияткерлік ресурстардың сапасына, болашақта елдің қорғанысы мен қауіпсіздігіне әсер етеді.Соңғы кездері жасөспірімдер мен жастар арасындағы ең өзекті мәселе – бұл олардың ерте жыныстық қатынасқа түсуі және одан туындайтын зардаптар болып отыр.Осы зардаптардың алдын алу мақсатында қарашаның 22 күні мектебіміздің 8-9-10-11 сынып қыздарымен Балқаш қаласы көпсалалы емхана гинекологиясының меңгерушісі Қазақбаева Д.С. «Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивтік денсаулық» тақырыбында дәріс өткізді.
#біртұтас_тәрбие
#қоббтәрбие
#балқашқаласыбілімбөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *