Мектебімізде 17 қараша күні 1-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында «Мамандықтар әлемі» атты танымдық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі мамандықтармен танысып, олардың атқаратын қызметі туралы қызықты ақпарат алды. Балалар «Кімнің құралы?», «Мамандықты тап», «Қай маманға қажет?» сияқты ойындарға қатысып, тапсырмаларды белсенді орындады.
Ойындар арқылы оқушылар өз қызығушылықтарын анықтап, мамандықтардың қоғамдағы маңызын түсінді. Шара өте көңілді әрі танымдық түрде өтіп, бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейтуге үлес қосты.
Жауапты мұғалімдер: Сандыбаева Д.Ж
Нұржан Б
#біртұтастәрбиебағдарламасы
#балқашқаласыбілімбөлімі


