3 “А” сыныбында “Болашақта кім болам?” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оқушыларға қазіргі заманға сәйкес жаңа мамандықтар туралы мәліметтер берілді. Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі топтық жұмыстар жүргізілді. “Дұрыс қоғам” қалыптастыру үшін қандай мамандықтар қажет деген сұрақ төңірегінде оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Оқушылармен миға шабуыл және сергіту сәті өткізілді. Мамандықтар туралы сұрақнама беріліп, оқушылар өздері таңдаған мамандықтарын сипаттап, “болашақ мен” бейнесіне сипаттама берді.
#біртұтастәрбие #қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #мамандықтаңдау












