06.12.2024 күні мектебімізде «Қыздар тәртібінің ұлдарға әсері» тақырыбында 5 А және 5 Ә сыныптарының қыз балаларына арналған әңгіме сабақ өткізілді.
Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық, қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс-аяқты сылдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді, тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, киім киісіне, дауыс ырғағына дейін мән берілген.
#Біртұтас_тәрбие



