Skip to content

📘 Қаржыны қалай тиімді пайдаланамыз? «Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығы…

📘 Қаржыны қалай тиімді пайдаланамыз?
«Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығы аясында 3 “А” сыныбында қызықты қаржы викторинасы өткізілді! 💡💰

Балалар күнделікті өмірде ақшаны дұрыс пайдалану, табыс пен шығысты жоспарлау, үнемдеу және жауапты қаржылық шешім қабылдау туралы өз білімдерін сыннан өткізді.

🎯 Мақсаты:
Оқушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру және экономикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

📌 Міндеттері:
• Қаржыға қатысты негізгі түсініктерді бекіту (табыс, шығыс, жинақ, бюджет);
• Дұрыс қаржылық шешім қабылдауға үйрету;
• Ақшаны жоспарлау, үнемдеу және басымдықтарды анықтау дағдыларын қалыптастыру.

Балалар белсенділік танытып, викторинаға үлкен қызығушылықпен қатысты. Мұндай шаралар олардың жауапкершілік пен қаржылық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. 🌟💵

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *