🌹16 наурыз – Шаңырақ күні 🏡
Бұл күн – отбасы құндылықтарын дәріптейтін, бірлік пен татулықты насихаттайтын ерекше мереке. Шаңырақ – қазақ халқы үшін тек үйдің бөлігі ғана емес, ол отбасының, ұрпақ сабақтастығының, береке мен бірліктің символы.
🌷Шаңырақ күні адамдар өз жақындарына қамқорлық көрсетіп, ата-ананы құрметтеп, отбасылық дәстүрлерді жаңғыртуға мән береді. Бұл күні үлкендерге ізет білдіріп, кішіге қамқор болу – басты міндеттердің бірі.

KZ
