Skip to content

16.03.2026 күні мектебімізде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Қазақтың салт-дәстүрлері» атты…

16.03.2026 күні мектебімізде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Қазақтың салт-дәстүрлері» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты – оқушыларды қазақ халқының бай мәдениетімен, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерімен таныстыру, ұлттық мұраға деген құрметін арттыру. Көрмеге қазақтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерін бейнелейтін бұйымдар, қолөнер туындылары, ұлттық нақыштағы заттар мен танымдық материалдар қойылды. Көрме оқушылардың қызығушылығын арттырып, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етті.