💧2026 жылдың 13 наурыз күні Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен, «Адал Азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында мектебіміздің 1-11 сыныптарында «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында эко-сағаттар өткізілді.
💦Шараның мақсаты – білім алушыларға суды ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау және экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
💦Эко-сағат барысында оқушыларға су үнемдеудің маңыздылығы түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар су ресурстарын қорғау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
#адалазамат #біртұтастәрбие #үнемдітұтыну

KZ











