Skip to content

Қаңтар айының жоспарына сәйкес мектебімізде 9-10-11 сынып оқушыларының қатысуымен педагог…

Қаңтар айының жоспарына сәйкес мектебімізде 9-10-11 сынып оқушыларының қатысуымен педагог – кәсіби бағдар беруші Бухат Нұржан мен Данагүл Жасұланқызының ұйымдастыруымен "Менің арманым – менің болашағым" атты студенттермен кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып,білім алушыларға мамандық таңдау,оның адам өмірінде алатын орны,маңызы туралы түсініктерін кеңейту.

Студенттер мен оқушылар арасында қызықты ойындар жүргізілді, ситуациялық сұрақтар қойылды. Оқушылар мен студенттер «Армандар картасын» жасап, болашаққа деген мақсаттарымен бөлісті. Түлектер өздерінің Университет қабырғасындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, білім алушылармен сұхбаттасты. Өздерінің университетке қалай түскенін және де ерінбей еңбектеніп, алға мақсат қойып, ҰБТ-дан жақсы балл алуларына сәттілік тіледі.
#біртұтас_тәрбие
#балқашқаласыбілімбөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *