🌸2026 жылдың 5 наурыз күні 1 “Ә” сыныбында көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз күніне арналған “Ана – өмір шуағы” атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, ананың отбасы мен қоғамдағы ерекше орнын түсіндіру.
🌺Сынып сағаты барысында оқушылар аналарға арнап өлеңдер оқып, ән айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сонымен қатар аналарға арналған шағын құттықтау сөздер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етіп, аналарына деген ыстық ықыластарын білдірді.
Мерекелік шара өте әсерлі өтіп, аналар мен оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
#Адалазамат #біртұтас_тәрбие #balqash_qalasy_bilim_bolimi #umckrg

KZ
