8 “Ә” сыныбында “Лудомания – құмар ойындардың зияны “ тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға құмар ойындары деген не, оған адам қалай тәуелді болады және оның зардабының қандай болатынын түсіндіре отырып, олардың құмар ойындарына қарсы білімдерін жетілдіру.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ойын құмарлықтың қауіпті екенін ескере отырып, құмар ойындар мен компьютер ойындарына тәуелді адамдар нашақорлар мен маскүнемдер сияқты эмоционалды жандар екенін мойындады. Бұл індетпен күресуде ең маңыздысы оның елімізде дендеп кетуінің алдын алу жұмыстарын жүргізу екені анық. Олай болса адамдар, әсіресе жастардың құмар ойындарының зияны туралы толық және дұрыс ақпараттар алуы керек.
#біртұтас_тәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #қоббтәрбие #лудомания

