20.01.2025 күні сынып жетекшісі Уатхан А.Б. 7 "Ә" сыныбында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
• Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру;
• Құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екенін түсіндіріп, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
• Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі әр түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды ала отырып, түсінік беру дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды көп қолданды. Оқушылардың қабілеттерін дамытуды ескере отырып, тақырып бойынша дереккөздерге сілтемелер мен түсініктемелер берілді.
Сабақтың әрбір кезеніңде цифрлық білім беру ресурстары Learning apps, Quzizz, Word Wall платформаларында оқушыларға тапсырмалар беріліп, жеке және топтық жұмыстар орындалды.
Оқушылар мектеп қабырғасында кездесетін құқықбұзушылықтың түрлері туралы кеңінен талқылады. Топпен постер қорғап, әр топ өзінің ойын ашық жеткізе алды.
#Біртұтас_тәрбие
#balqash_qalasy_bilim_bolimi







