Skip to content

📅 25 қазан – Республика күні! 🇰🇿 Мемлекеттік егемендік туралы…

📅 25 қазан – Республика күні!
🇰🇿 Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына орай мектебімізде “Қазақстан – туған өлкем” атты 3–6 сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.

🎨 Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқушылар өз қылқаламдары арқылы Отанымыздың әсем табиғатын, ұлттық рәміздерін, тарихи ескерткіштерін және тәуелсіз еліміздің жетістіктерін бейнеледі.
✨ Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

*#RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным*

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *