Skip to content

2026 жылдың 23.02. күні мектебімізде білім алушылар мен қызметкерлердің төтенше…

2026 жылдың 23.02. күні мектебімізде білім алушылар мен қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру мақсатында жер сілкінісі кезіндегі эвакуациялық оқу-үйрету жаттығуы өткізілді.
Жаттығудың мақсаты:
• білім алушыларды жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;
• жедел эвакуациялау дағдыларын қалыптастыру;
• педагогтер мен қызметкерлердің үйлесімді әрекетін жетілдіру;
• төтенше жағдай кезіндегі үрейдің алдын алу.
Жаттығу барысында білім алушылар мен қызметкерлер қауіпсіздік талаптарын сақтап, ұйымшылдық танытты. Эвакуация уақыты нормативке сай орындалды. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік бұрышы жаңартылды.