Skip to content

04.02.2025 күні мектебіміздің оқушыларымен Балқаш қаласы ПБ ЖПҚб ЮПб-нің инспекторы…

04.02.2025 күні мектебіміздің оқушыларымен Балқаш қаласы ПБ ЖПҚб ЮПб-нің инспекторы Н.А.Қоразбаев кездесу өткізіп,түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мақсаты: кәмелет жасқа толмаған жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылық және қылмыс белгілері,оған берілетін жаза түрлері, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру,түсіндіру.
Кездесу барысында ювеналды полиция инспекторы мектеп оқушыларына құқықбұзушылықты алдын алу және кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы айтылды. Бос уақытты тиімді өткізуге, кешкілік уақытта бей-берекет далада жүрмей тәртіп сақтауға шақырды.Сонымен қатар ұрлық,есірткі жасыру,буллинг пен кибербуллинг мәселелері,авто-мотокөліктерді заңсыз жүргізу туралы талқыланды. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ойланбай істеген әрекеттері үшін ата-аналары жаза немесе айыппұл арқалайтынын да айтылды.Кездесу соңында оқушылар құқық қорғау қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды.
#Біртұтас_тәрбие
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#balqash_qalasy_akimdigi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *