Қыз баланы ізетті, инабатты, ісіне көркі сай шебер етіп тәрбиелеу, қыз сыйлау – халқымыздың қанына сіңген қасиет. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе –жердің көркі», – дегендей, халқымыздың қызды құрметтеп, киімнің сәндісін, алтын бұйымдардың жақсысын, ер тұрманның әшекейлісін қыздарына тарту ете отырып, «қызға қырық үйден тыйым»,- деген мақалды да естен шығармаған. Иә, қыз бала тәрбиесі қашанда халық назарында. Осы мәселені жүзеге асыруды міндет ете отыра, қаңтар айының 30 күні 5 – сыныптар арасында қыз балалар үшін «Қыз – елдің көркі» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Қыздар жиналысын Сандыбаева Д мен Бухат Н жүргізді. Жоспар бойынша жұмыс жүргізе отырып, қыздарға көптеген мәліметтерді айтып ұғындыруға тырысты. Күн тәртібі бойынша «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқылып, сол төңірегінде сұрақтар қойылып, қыздардың пікірі ортаға салды.
#Біртұтас_тәрбие

