“Саяқ кентінің жалпы білім беретін №6 мектебінде дене шынықтыру апталығы аясында 7-сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа “Самрұк”,”Томирис” командалары қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және командалық бірлікті нығайту.
Ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар өздерінің шапшаңдықтарын, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, жанкүйерлерге әсерлі ойын сыйлады.
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұйымдастырушы: дене шынықтыру пәні мұғалімдері

KZ





