Skip to content

Мектебімізде дене шынықтыру апталығы аясында 5-сынып оқушылары (микс құрамда) арасында…

Мектебімізде дене шынықтыру апталығы аясында 5-сынып оқушылары (микс құрамда) арасында пионерболдан жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа ұлдар мен қыздар аралас командалар қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыстың мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту.
Ойын барысында қатысушылар ептілік, шапшаңдық және ұйымшылдық танытты. Әр команда жеңіске деген жігерін көрсетіп, тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Жанкүйерлер де өз сыныптастарына қолдау білдіріп, жарыстың көркін қыздырды. Барлық қатысушыларға алғыс айтылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.