“Саяқ кентінің жалпы білім беретін №6 мектебінде
дене шынықтыру апталығы аясында 6-сынып қыздары арасында пионерболдан жарыс ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық ынтымақтастықты дамыту.
Жарысқа 6 «А», 6 «Б» сыныптарының қыздары қатысты. Ойын тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетіп, командалық бірліктің үлгісін танытты.
Сайыс қорытындысы бойынша: 🥇 I орын – 6 «А» сыныбы
🥈 II орын – 6 «Б» сыныбы
KZ










