2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 28 ақпанда Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебінде “Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!” атты “Ашық есік” күні өтті.
❇️Ашық есік күнінде бастауыш сыныптар арасында «Мен таңдаған мамандық» атты көрме өткізілді.
❇️«Өнегелі өмір» жұмысшы зейнеткерлерге арналған бейнероликтер көрсетілді.
❇️Медициналық сынып оқушылары «Сусындардың зияны» тақырыбында зерттеу жұмысын көрсетті.
❇️2026 жылға жоспарланған “Кеншілер” сыныбының бағдарламасы көрсетілді.
❇️5 және 6 сыныптар арасында «Егер мен аспаз болсам…» атты жәрмеңке ұйымдастырылды.
Іс-шараның қорытындысы ретінде шағын концерт болды.
#жұмысшымамандықтаржылы2025
#балқашқаласыбілімбөлімі
#біртұтастәрбие



