Саяқ кентінің №6 ЖББМ 2024-2025 оқу жылы
28.02.2025 ж мектебімізде “Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл” ашық есік күні аясында “Кеншілер мектебі” бағдарламасын ата-аналарға таныстыру өткізілді. Оқушыларды кеншілер мамандығының ерекшеліктерімен таныстыру, олардың қызығушылығын арттыру және мамандықтың маңыздылығын түсіндіру. Бұл бағдарлама оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, болашақ кәсіби бағытын таңдауда маңызды рөл атқарады.
Мақсаты:
• Ата-аналарды “Кеншілер сыныбы” бағдарламасымен таныстыру.
• Кеншілер мамандығының маңыздылығын түсіндіру.
• Оқушылардың кәсіби бағдарын анықтауда ата-аналардың рөлін көрсету.
• Бағдарламаның мазмұны, сабақ жоспарлары және оқыту әдістері туралы ақпарат беру.
• Ата-аналардың ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап беру.
Негізгі мәселелер:
1. Кеншілер сыныбының мәні мен қажеттілігі
2. Оқу барысында қолданылатын әдістер мен практикалық жұмыстар
3. Қауіпсіздік шаралары және кәсіптік бағдар беру
4. Оқушылардың болашақ мамандыққа дайындығы
5. Ата-аналардың ұсыныстары мен кері байланыс
Жетекшісі: Кожахметов А.Б
#балқашқаласыбілімбөлімі
