“Жұмысшы мамандықтар жылы”аясында 11-сынып оқушылары Саяқ кентінің шахтасында,басқарма үйінде қызмет ететін бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жұмыс орындары бойынша зерттеу жұмысын жүргізді.
Ашық есік күнінің мақсаты-мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысының жүзеге асырылып жатқанын көрсету.
Шара барысында бізге берілген тапсырма бойынша”Тау-кен жұмысында”еңбек етіп жүрген жұмыскерлер қонаққа шақырылды.Саяқ кенті руднигінің директоры Омирбеков Қ.Б, геолог-барлаушысы Аскарова Б.Б және тау-кен мастері Уйсинбаев Д.У оқушылармен сұхбат жүргізіп,мамандықтары бойынша баяндап берді.
Сонымен қатар,Жексенбай Зейнұрдың 1 күндік жұмысын бейнеролик арқылы таныстырылды және онлайн форматта аға-әпкелеріміз оқушыларға жақсы тілектерін арнады.Бейнеролик түсіруге көмек көрсетіп,монтаждаған #29 мектептің түлегі Игембаев Д.Б алғыс білдіреміз.
#балқашқаласыбілімбөлімі




