Skip to content

«5 секунд – денсаулық кепілі» Азық-түлік дүкенінен өнім таңдарда жапсырмадағы…

«5 секунд – денсаулық кепілі»

Азық-түлік дүкенінен өнім таңдарда жапсырмадағы (этикеткадағы) ақпаратты оқуға бар болғаны 5 секунд уақыт бөлу – өз денсаулығымызға жасалған үлкен қадам. Өнімнің құрамын, жарамдылық мерзімін, қант, тұз, май мөлшерін және жасанды қоспалардың бар-жоғын тексеру арқылы біз дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырамыз.
Этикеткаға мән беру – зиянды тағамдардан сақтануға, созылмалы аурулардың алдын алуға және салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі.