Даярлық сыныпта «Дүкен» ойыны арқылы қаржылық сауаттылыққа баулу жұмыстары жүргізілді.
Сабақ барысында балалар ақшаның не үшін қажет екенін, сатып алу кезінде дұрыс таңдау жасауды және үнемді болудың маңызын ойын түрінде меңгерді. Бұл іс-шара балалардың қаржылық түсінігін қалыптастыруға бағытталды.Қаржылық сауаттылық – бұл ақшаны дұрыс пайдаланып, үнемдей білуді үйрететін маңызды дағды. Ол адамның табысы мен шығынын дұрыс жоспарлауына көмектеседі. Қаржылық сауаттылықты ерте жастан меңгеру балалардың дұрыс таңдау жасауына, еңбекті қадірлеуіне және ақшаның құнын түсінуіне ықпал етеді.

KZ

