⚖️ «Заң мен тәртіп» айлығы аясында 9”Б” сыныбында «Заң мен тәртіп – қоғам негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
⚖️Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және тәртіп мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының негізгі заңдары, бала құқықтары мен міндеттері туралы мәлімет беріліп, өмірлік жағдаяттарға байланысты сұрақтар талқыланды. Бейнероликтер көрсетіліп, пікір алмасу, сұрақ-жауап жұмыстары ұйымдастырылды.
Сынып сағаты оқушылардың құқықтық білімін арттырып, заңды құрметтеу мен тәртіп сақтаудың маңызын түсінуге ықпал етті.
#адал_азамат #біртұтас_тәрбие #balqash_qalasy_bilim_bolimi #umckrg #заңментәртіпапталығы

KZ

