📍Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 1–4 сынып оқушыларының қатысуымен “Ата-анамыздың мамандықтары” тақырыбында бейнероликтер түсіру жұмысы ұйымдастырылды.
✔️Ескендиров Ернат 4”Б” класс
✔️Кабдыкарим Алихан 3”А” сынып
✔️Серикбеков Бекжан 4”Б” класс
Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру, ата-аналардың еңбегіне құрмет сезімін қалыптастыру және оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.
Бейнероликтерде оқушылар өз ата-аналарының мамандықтары туралы әңгімелеп, олардың жұмыс орны, атқаратын қызметі мен қоғамдағы рөлі жөнінде мағлұмат берді. Бұл жұмыс балалардың сөйлеу мәдениетін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал етті.
Жауапты: Бухат Н, Сандыбаева Д.Ж
#біртұтас_тарбие
#балқашқаласыбілімбөлімі
KZ
