2025 жылдың қазан айының 10-ы күні 1-11 сынып ата-аналарымен Полиция қызметкерлері, денсаулық сақтау өкілдерінің қатысуымен “Нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес” тақырыбында жалпы жиналыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың, ата-аналардың және педагогтардың құқықтық мәдениетін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге тәуелділіктің зиянды салдарын түсіндіру арқылы нашақорлықтың алдын алу.
Күн тәртібінде:
1 “Жасөспірім және есірткі. Сенімді қарым-қатынас – басты қорған” Полиция лейтенанты Куленов Берик Нұрланұлы.
2. “Салауатты өмір-саналы ұрпақтың таңдауы” мектеп медбикесі К.Ш.Тойчибекова
3.Әртүрлі мәселелер.



