Сәуір айының жоспарына сәйкес мектебіміздің 9 сынып оқушылары “Балдәурен” балабақшасына кәсіби сынамаға барды.
⏹️Балабақшадағы тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік, физикалық және ақыл-ойының дамуын қамтамасыз ету мақсатында білім беру және ойын қызметін ұйымдастырады.
Бұл мамандық әрқашан белсенді болуға, тәрбиешінің әрдайым оқып-үйренуіне және алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Бұл маңызды, жауапты мамандық болғанмен, сауатты жұмысты ұйымдастыру арқылы қол жеткізілген нәтиже әрқашан қуантады – бұл тәрбиеші үшін де бүкіл қоғам үшін де жас ұрпақтың үйлесімді дамуын көру үлкен құндылық екенінің дәлелі.
⏹️Кәсіби бағдар беруші: Бухат Н, Сандыбаева Д.Ж
#балқашқаласыбілімбөлімі
#біртұтастәрбие




